Саясат

Сайлауда 2,3,4 орын алған кандидаттар Мәжілісте депутат бола ма?

Әзірге 4 кандидат белгілі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

28 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысын шығарған еді. Белгіленген құжаттарды ОСК-ға 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде төрт саяси партия ұсынды:

– Сәді-Бек Түгел – "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі;
– Қасым-Жомарт Тоқаев – "Nur Otan "партиясы" қоғамдық бірлестігі
– Амангелді Таспихов – "Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі;
– Дания Еспаева – "Ақ жол "Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
– Төлеутай Рақымбеков – "Ауыл "халықтық - демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
– Жамбыл Ахметбеков – "Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
– Әміржан Қосанов – "Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі; 
– Талғат Ерғалиев – "Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атынан;
– Жұматай Әлиев – "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі.

11 мамырда жеткілікті қол жинаған үміткерлерге кандидат статусы беріліп, сайлауалды агитация шараларына рұқсат беріледі. Ал сайлау біткен соң, 2,3,4 орын алған кандидаттар 7%-дан аса дауыс жинаса, депутат бола ала ма?

Жоқ. Парламент құрамы парламент сайлауында анықталады. Бірақ егер 7-10%-дан жоғары дауыс жинаған кандидат парламенттік электорал науқан үшін жақсы үстемдік болмақ.