Bugin

Қазақстаннан шетелге көшетіндер қатары үш есе азайған

2025 жылдың қорытынды есебіне сәйкес, Қазақстанның көші-қон көрсеткіші оң динамика көрсетіп, сальдо 16,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда көші-қон көрсеткіші өсіп, 2025 жылы елге қоныс аударғандар саны кеткендерден едәуір басым түсті. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бір жыл ішінде 23,7 мыңнан астам адам елге келіп, 7,6 мың адам шетелге қоныс аударған. Көші-қон айырымы 16153 адамды құрады.

2024 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 20,7%-ға, ал елден кетушілер саны 40,5%-ға азайғаны тіркелді.

Қазақстанның негізгі көші-қон ағыны ТМД елдеріне тиесілі: келушілердің 81,8%-ы және кетушілердің 71,8%-ы осы мемлекеттермен арадағы байланысты құрайды. Сыртқы көші-қонмен салыстырғанда, ел ішіндегі халық қозғалысы 13,6%-ға артып, өсім көрсетті. Өңіраралық деңгейде халықтың шоғырлануы негізінен төрт аймақта: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысында байқалып, оң көші-қон сальдосы тіркелді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында өңіраралық көші-қонның теріс көрсеткіші әлі де сақталып отыр. Бұл үрдіс халықтың ел ішіндегі ірі агломерацияларға қарай бағытталған қарқынды урбанизациялану процесін айқын көрсетеді.