САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызға белгіленді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлады Ақорда.
Референдум өткізу туралы жарлыққа қол қоюдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу өткізді.
Жаңа Конституцияның жобасы жекелеген түзетулер енгізілген жоба емес. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құру, қоғамдық сананы жаңғырту.
Жаңа Конституцияның жобасына аса қажетті әрі озық нормалар енгізілген. Біз бәріміз бір ел болып ырыс-ынтымағымызды, береке-бірлігімізді сақтай отырып, эволюциялық, яғни табиғи жолмен дамып келеміз. Бұл – өте маңызды. Бұдан басқа жол жоқ.
Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекеттің институционалдық негізін трансформациялау үдерісінің аяқталғанын және жаңа конституциялық үлгіге көшетінін айғақтайды.