САЯСАТ

Республикалық референдумға жұмсалатын шығын 20,8 миллиард теңгені құрайды

Орталық референдум комиссиясының өкілі Михаил Бортник 2026 жылдың 15 наурызына жоспарланған республикалық референдумды өткізуге арналған болжамды шығындар көлемін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Фото: centeraktiv.kz

Михаил Бортниктің мәлімдеуінше, жалпы шығыстардың төрттен үш бөлігі тікелей учаскелік комиссия қызметкерлерінің еңбегін өтеуге жұмсалмақ.

«Қазіргі таңда есеп қаржы министрлігінде талқылауда және талдануда. Алдағы бірнеше сағат ішінде біз референдумды өткізуге арналған нақты шығын мөлшерін бекіте аламыз деп ойлаймын. Алдын ала есеп бойынша, республикалық референдумға жұмсалатын шығын 20,8 миллиард теңгені құрайды. Ескерткім келеді, бұл қаражат 2026 жылғы республикалық бюджетте қарастырылмаған, сондықтан олар Үкімет резервінен бөлінеді», — деді ол брифингте.

Айта кетейік, Президент әкімшілігі 15 наурыз күні республикалық референдум өткізу туралы Жарлықтың шыққанын бұған дейін хабарлаған болатын.