ҚОҒАМ
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі еңбек ететін азаматтардың денсаулығын тексертуге заңды мүмкіндігі бар екенін еске салды, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: sputnik.kz
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір қызметкер жылына 3 жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін арнайы әлеуметтік демалыс ала алады.
"Көп адам мұны білмейді. Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған. 87-бапта ол нақты көрсетілген: қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Жұмыс беруші бұл арнайы демалысты беруге міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар. Скринингтен өтіңіздер", – деп жазды депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қызметкерлерді белгілі бір уақыт аралығында еңбек міндеттерінен босатуды көздейтін әлеуметтік демалыстар бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Олардың қатарына жүктілікке және бала тууға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс, медициналық скринингтен өту, жұмыспен қатар кәсіби біліктілікті арттыру, сондай-ақ азаматтардың өзге де әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыру жатады.