ҚОҒАМ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басынан бергі Enbek.kz порталындағы жұмыс нарығының көрсеткіштерін ұсынды. Жыл басынан бері порталда 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланған, деп хабарлайдыBugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фотоколлаж: baq.kz
«Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың)», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ салалық бөліністе бес негізгі салаға сұраныс жоғары.
«Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр – 33 мыңнан аса хабарландыру (жалпы санның үштен біріне жуығы). Одан кейін өзге де қызмет түрлері – 11,4 мың (11,1%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету – 9,7 мың (9,5%) орналасқан. Сондай-ақ кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың) және өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелді», - деп көрсетілген хабарламада.
Еңбек нарығындағы сұраныс бойынша Астана қаласы (8,9 мың бос орын) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Түркістан (7,3 мың) және Қарағанды (7,1 мың) облыстары, Алматы қаласында 6,9 мың бос жұмыс орны тіркелген.
Қаңтар айындағы еңбек нарығындағы мониторинг нәтижесі бойынша, ең жоғары төлемақы өндіруші сектор мамандарына ұсынылған. Атап айтқанда, бұрғылау супервайзерлеріне орта есеппен 991 мың теңгеден басталатын жалақы тағайындалса, өндіріс учаскесінің бастықтары мен бас геологтардың табысы тиісінше 876 мың және 803 мың теңге көлемінде белгіленді.