ҚОҒАМ
Қазақстанда жазасын өтеушілерді ұстау тәртібіне өзгерістер енгізілмек. Ішкі істер министрлігі колониялардағы шарттарды қайта қарауды көздейтін тиісті бұйрық жобасын көпшілік талқысына ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Аталған құжат қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ішкі тәртіп қағидаларын қайта қарауды көздейді. Соның ішінде, жазаны өтеу шарттарын жеңілдету мақсатында сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерлерде смартфондарды пайдалану құқығын беру ұсынылуда.
Айта кетейік, бұйрық әлі бекітілген жоқ. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған және 11 наурызға дейін жария түрде талқыланады.