САЯСАТ
АҚШ Президенті Дональд Трамп New York Times басылымына берген сұхбатында Иранға қарсы басталған әскери операция төрт-бес апта бойы үздіксіз жалғастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ILLUSTRATION, REUTERS/Majid Asgaripour/WANA 2, Shutterstock/noamgalai, Getty Images/Iranian Leader's Press Office - Handout
Трамп АҚШ пен Израильдің қазіргі шабуыл қарқынын қанша уақыт сақтай алатыны туралы сұраққа жауап бере отырып, мақсаты Иранның әскери және саяси инфрақұрылымын толықтай бейтараптандыру екенін атап өтті.
«Төрт-бес апта деп жоспарлап отырмыз. Бұл қиын болмайды», - деді Дональд Трамп.
Сондай-ақ Дональд Трамп Daily Mail-ге берген сұхбатында да Иранға қарсы операция «Төрт апта немесе одан аз уақыт алады» деп мәлімдеді.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль қарулы күштері Иран аумағында ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив бұл қадамның басты мақсаты — Тегеранның ядролық бағдарламасын біржола тоқтату және ядролық қарудың пайда болуына жол бермеу екенін ресми мәлімдеді. АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның әскери флоты мен қорғаныс инфрақұрылымын толықтай жоюға ниетті екенін жеткізді. Аймақтағы жағдай жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Али Хаменеидің қайтыс болғаны туралы хабардан кейін ушыға түсті. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль нысандарына және Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери базаларға зымырандық соққылар бере бастады. Қазіргі уақытта тараптар арасындағы қарулы қақтығыс жалғасуда.