ДЕНСАУЛЫҚ
Қазақстанда қызылшаның таралуына тосқауыл қою мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл шараларды қолға алды. Ендігі кезекте эпидемияға қарсы бақылау күшейтіліп, ауруды ауыздықтауға бағытталған кешенді жоспар іске асырылмақ, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеуінше, эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 6 айдан 10 айға дейінгі балалар арасында қосымша екпе егу басталды. Сонымен қатар бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған 2-5 және 7-18 жас аралығындағы балаларды, сондай-ақ вакцинация алғаны туралы дерегі жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып егу жұмыстары ұйымдастырылды.
Эпидемияға қарсы режимді нығайту мақсатында ұйымдасқан ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған тұлғаларды уақытша шектеу шаралары енгізілді. Сонымен қатар жоспарлы емдеуге жатқызу тәртібіне қойылатын санитариялық талаптар күшейтілді.
«Қабылданған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (417 жағдай) қызылшаның тіркелген жағдайларының саны 311-ге дейін төмендеді, бұл 106 жағдайға аз (-25,4%). Төмендегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға әлі қол жеткізілген жоқ. Жағдайлардың ең көп саны Астана қаласында тіркелді – 81 жағдай, Алматы қаласында – 48 жағдай, Алматы облысында – 57 жағдай, Батыс Қазақстан облысында – 29 жағдай, Атырау облысында – 57 жағдай және Қостанай облысында – 57 жағдай. Пациенттердің негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар құрайды», – делінген министрлік хабарламасында.
2026 жылдың басындағы көрсеткіштерге сәйкес, қызылшаға қарсы қосымша екпе егу шараларына 6-11 айлық 36,7 мың сәби қамтылды. Сонымен қатар жоспарлы вакцинациялау аясында 1 жастағы 21,4 мың бала (жалпы санның 6,7%-ы) және 6 жастағы 17 мың бала (жалпы санның 4,7%-ы) егілді.
Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы ахуалға мониторинг жүргізуді және жедел әрекет ету шараларын үйлестіруді жалғастыруда.