ҚОҒАМ
Атырау облысында орын алған жантүршігерлік қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ulysmedia.kz коллажы
Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін айуандықпен өлтіріп, мәйіттерін жасырып келген күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыс жасалғаннан кейін шетелге бой тасалаған күдікті жақында Индонезияда құрықталып, Қазақстанға экстрадицияланған болатын.
Тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Күдіктінің айғақтары негізінде жедел-тергеу тобы қосымша іздестіру шаралары жүргізілді. Атыраудағы күдікті жалдап тұрған үйдің ауласын тексеру кезінде бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен екі адамның — ұл мен қыздың мәйіттері табылды.
«Қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізіліп жатыр, бұл іс министрліктің бақылауында», - деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Сондай-ақ бұл іске отбасының кіші қызының қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайын анықтау мақсатында арнайы сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.