ҚОҒАМ
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ағымдағы жылдың басындағы көлік және жол саласындағы құқық бұзушылықтардың есебін жариялады. Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында көлік және жол саласында 1,95 миллионға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заңнамалық талаптардың сақталу деңгейін бақылауды күшейтудің өзектілігін көрсетіп отыр, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
2025 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырмалы талдау жасағанда, әкімшілік құқық бұзушылықтар санының 12%-ға азайғаны байқалады. Мамандардың пікірінше, бұл — соңғы жылдардағы алғашқы оң көрсеткіш. Қазіргі регрессиялық көрсеткіш саладағы құқықтық тәртіптің, арнайы заңдылықтың нығайғанын білдіреді.
Статистикаға сүйенсек, 2024 жылмен салыстырғанда өткен жылы автоматты түрде тіркелген құқық бұзушылықтар саны бірден 52 пайызға, ал одан бір жыл бұрын 49 пайызға артқан. Жалпы алғанда, жыл сайынғы орташа өсім 21 пайыз деңгейінде сақталып келді. Сарапшылар мұндай күрт өсімді жол ережесін бұзудың көбеюімен емес, ең алдымен, цифрландырудың нәтижесімен байланыстырады. Яғни, жолдарда автоматты фото және бейнебақылау жүйелерінің жаппай енгізілуі бұрын көлеңкеде қалып келген ереже бұзу деректерін жарыққа шығарды.
2026 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстанда құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң негізінде енгізілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген жаңа түзетулер автоматты бақылау жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Бұл өзгерістер цифрлық бақылаудың тиімділігін жаңа деңгейге көтермек.
Осы уақытқа дейін жолдардағы автоматты жүйелер тек алты негізгі заң бұзушылықты тіркеумен шектеліп келген болатын. Атап айтқанда:
Жаңа заңнамалық нормалар күшіне енген сәттен бастап, жасанды зият жүйелердің «арсеналы» тағы екі маңызды функциямен толықты. Енді жоғары дәлдіктегі камералар келесі заң бұзушылықтарды да автоматты түрде анықтай бастайды:
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам жол-көлік оқиғалары көрсеткішін азайтуға және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға тікелей әсер етеді. Егер бұрын бұл ережелердің сақталуын тек патрульдік полиция қызметкерлері визуалды түрде қадағаласа, енді бұл міндет толықтай адам факторынсыз, автоматты цифрлық жүйелерге жүктелмек.