ТЕХНОЛОГИЯ
Атырауда жоғарғы кернеулі электр желілері жер астымен жүргізіле бастады, деп жазады Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Google AI
2024 жылы аталған әдіс бойынша 4 шағын ауданға 66 шақырым желі тартылды. Ал биыл Жайық өзенінің сол жағалауындағы 7 ауылды қамтитын 162 шақырымдық жоғары кернеулі желі жүргізу жобасы әзірленді.
«Бұл кабель төрт жабындыдан құралған, қорғанышы су өткізбейді. Бізде жерасты суы өте жоғары ғой, асфальтқа жақын. 0,5 метрден су шығып жатады. Кабельді жүргізетін болсақ, 30-40 жылға дейін жұмыс атқарады», – дейді қалалық ТҮКШ энергетика секторының меңгерушісі Жасұлан Хамзаев.
Облыс бойынша жалпы ұзындығы 16 700 шақырымға жуық электр желісі бар, оның 67 пайызы тозған. Осы мәселені шешу мақсатында қолға алынған жаңа жобалар алдағы уақытта аудандарда да жалғасын табады.
Мамандар жер астымен жүргізілген кабельдік желінің тиімділігі жоғары екенін алға тартады.