ҚОҒАМ
Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында отандасымыз Паралимпиада чемпионы атанды.
– Мәреге жақындағанда асқақтаған көңілімді тежей алмадым. Бұл жүлдені көптен күтіп, барымызды салып дайындалдық. Жанкүйерлердің сенімін ақтап, үмітін маздатып Паралимпиада чемпионы атанғаныма қуаныштымын, – деді Ербол Хамитов.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов Италиядағы қысқы Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысының 1500 метрге классикалық спринт жарысы бойынша қола медаль иеленді.