САЯСАТ

Президент: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

«Қазмедиа» орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумды қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқан жастармен жүздесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы еліміздегі саяси реформаларды халыққа түсіндіруде белсенділік танытқан еріктілер мен жас мамандарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның жастарға арналған басымдықтарын атап өтті. Атап айтқанда, волонтерлік, ғылыми ілгерілеу және жасанды интеллект сияқты заманауи ұғымдардың Ата заң деңгейінде бекітілуіне  тоқталды.

Фото: Aqorda

Фото: Aqorda

«Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», - деді Мемлекет басшысы. 

Бір айдың ішінде жастар түрлі форматтағы 5 мыңға жуық іс-шараны ұйымдастырып, оған 1,5 миллионнан астам адамды қамтыды. Кездесу барысында белсенділер мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан реформалар мен оң өзгерістерді толықтай қолдайтындарын мәлімдеді.