ҚОҒАМ

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Women’s Tennis Association  рейтингі бойынша ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы үшінші орыннан өзінің жеке рекорды саналатын екінші орынға көтерілді.

Елена Рыбакинаның рейтингтегі бұл ілгерілеуі - АҚШ-та өткен беделді «Indian Wells Open» турниріндегі жеңістерінің тікелей нәтижесі. WTA 1000 санатындағы аталмыш додада қазақстандық теннисші шеберлік танытып, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші сында ол әлемнің көшбасшыларының бірі Арина Соболенкомен (Беларусь) кездесіп, тартысты ойында есе жібергенімен, турнир бойы көрсеткен өнері жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасына ие болды.

WTA рейтингінің соңғы мәліметтері бойынша, үздік үштікте айтарлықтай өзгерістер орын алды. Көш басында 11025 ұпаймен Арина Соболенко тұрса, екінші сатыға 7783 ұпай жинаған Елена Рыбакина жайғасты. Ал польшалық Ига Швёнтек 7413 ұпаймен үшінші орында.