Bugin

13 мамырдан бастап балықты тек күндіз аулауға рұқсат етіледі

Қазақстанда 13 мамырдан бастап түнгі уақытта балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Енді елімізде күндізгі уақытта әуесқой және спорттық балық аулауға рұқсат етіледі. Ал түнгі уақытта балық аулау заңбұзушылық болып есептелінеді.  Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін қармақ салуға болмайды.

Бұл шектеу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 наурызда бекіткен «Балық ресурстары объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы»  №78 бұйрығына сәйкес енгізілді. Ережені бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәлімдеуінше, жаңа нормативтік өзгерістер құқықтық саладағы бос орынды толтырды. Бұған дейін түнгі уақытта және қыс мезгілінде су айдындарына шығуды шектеу тек полиция мен құтқару қызметінің құзыретінде болса, енді балық қорғау инспекциясы да тиісті өкілеттікке ие болды.