ДАМУ

Астанада LRT пойыздары сынақтан сәтті өтті

Астана қаласында LRT пойыздарын сынақтан өткізудің кезекті кезеңі аяқталды. Тестілеу барысында пойыздың техникалық мүмкіндіктері тексеріліп, оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана әкімдігі

«Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады», делінген хабарламада.

Астанада әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта «Әуежай — Нұрлы жол» учаскесінде пойыздар мен рельстік инфрақұрылым сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл жұмыстар  LRT пойыздарын алдағы уақытта толыққанды пайдалануға беруге дайындық болып саналады.