Bugin

Қазақстандық оқушы Гарвард университетіне оқуға қабылданды

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Гарвард университетіне оқуға қабылданды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бөрте Сайранбекқызы Advanced Placement бағдарламасының артықшылықтарын сәтті игеріп, жоғары нәтиже көрсетті. Оқу жолындағы қажырлы еңбегінің арқасында 10-сыныптан соң 7 пән бойынша емтихандарды үздік тапсырып, беделді AP International Diploma иегері атанды.

Бөртенің айтуынша, Harvard университетіне қабылдануы — жүйелі оқу процесінің, үздіксіз ізденістің және академиялық қолдау көрсеткен ортаның жиынтық нәтижесі.

Үздік оқушы мектеп қабырғасында жүріп-ақ, АҚШ университеті профессорының жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізіп, халықаралық тәжірибе жинақтаған. Бөрте — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген полиглот қана емес, сонымен қатар қытай тілін тереңдетіп оқып, Advanced Placement бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсырған талантты оқушы. Оның SAT, IELTS, CAE және HSK сияқты халықаралық сынақтардағы жоғары көрсеткіштері әлемдік деңгейдегі білімін айғақтайды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61