ҚОҒАМ
Қазақстандық танымал ақын Танагөз Толқынқызы әлеуметтік желідегі жазбасы үшін заң алдында жауап беруге шақырту алды. Бұл туралы автор өзінің жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Танагөз Толқынқызының әлеуметтік желідегі парақшасынан
Ақынның айтуынша, оған Астана қаласы, Сарайшық ауданының полиция басқармасынан хабарласқан. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында құқық қорғау органдарынан тиісті мәлімет алғанын және істің мән-жайын жеткізді.
«Менің үстімнен 7-наурыз күні фейсбук парақшамда жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды. Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған. Принципі жоқ надан ұлт қалыптасты» деген постыма e-gov арқылы бір адамнан шағым түскенін мәлімдеді. Мені 31-наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады», – деп жазды Танагөз Толқынқызы.
Танагөз Толқынқызы құқық қорғау органдарына адвокатсыз бара алмайтынын мәлімдеді. Ақынның айтуынша, қазіргі таңда заңгер көмегіне жүгіну ол үшін үлкен қаржылық қиындық тудырып отыр. Ол 2022 жылдан бері телеарналарда жұмыс істемейтінін және табыс көзінің жоқтығынан жеке кәсіпкерлігін үш жылға уақытша тоқтатқанын алға тартты.
«Жалпы мен халықтан ақша жинауға қарсы адаммын. Өйткені халықтың жағдайы дәл өзімдікі сияқты қиын жағдайда екенін білемін. Кредит төлеп, қалт-құлт етіп өмір сүріп жатқан елден ақша жинау адамдардың жүйкесіне тиеді», – деп жазды Танагөз Толқынқызы.
Бұл жағдай ақынның жеке шығармашылығын материалдық қолдауға айналдыруына әкелді. Танагөз Толқынқызы адвокаттың шығындары мен қызмет ақысын өтеу үшін өз кітаптарын жаппай сатылымға шығарғанын да мәлімдеді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61