БІЛІМ

Мектептерде 1-сыныпқа құжат қабылдау уақыты өзгерді

Биыл бірінші сынып табалдырығын аттайтын оқушылардың құжаттарын қабылдау уақытына қатысты өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, өтініштерді қабылдау мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

«Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», - деді министр.

Мұндай қадам мектептердегі ағымдағы білім беру жұмыстарына нұқсан келтірмеу және қабылдау науқанын жүйелі ұйымдастыру мақсатында жасалып отыр.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61