ҚОҒАМ
Израиль парламенті террористік шабуылдар үшін сотталған палестиналықтарға жаза ретінде өлім жазасын белгілейтін заң қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: dailypioneer.com
The Guardian таратқан мәліметке сүйенсек, Кнессетте өткен соңғы дауыс беру нәтижесінде террористерге өлім жазасын белгілейтін заң ресми түрде мақұлданды. 62 депутаттың қолдауына, 48 депутаттың қарсылығына ие болған бұл заң енді елдегі стандартты жазалардың біріне айналмақ. Үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху бұл шешімнің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі зор екенін мәлімдеді.
Үкімді орындаудың нақты мерзімдері де белгіленген. Сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап, жазаны атқаруға тоқсан күнтізбелік күн беріледі. Ерекше қажеттілік туындаған жағдайда, жазаны қолдану уақытын жүз сексен күнге дейін шегеруге рұқсат етіледі. Осы заң аясында сотталған тұлғалардың кешірім алу немесе үкімді жеңілдету туралы өтініш беру құқығы толықтай шектелген.
Теориялық тұрғыда заң израильдіктерге де қолданылуы мүмкін, бірақ іс жүзінде өлім жазасы террорлық шабуыл мақсаты «Израиль мемлекетінің өмір сүруін жоққа шығару» болған жағдайда ғана қарастырылған. Сыншылардың пікірінше, енгізілген заң іс жүзінде тек палестиналықтарға ғана қолданылып, дәл сондай қылмыс жасаған еврей-израильдіктерге қолданылмайтынын көрсетеді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61