Bugin
15 жастағы қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов атақты «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы испаниялық Mundo Deportivo басылымы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазіргі уақытта ол Каталонияда арнайы жаттығу жиындарынан өтіп, клуб сапына ресми қосылуға дайындалуда. Испанияның жетекші спорттық басылымдары оның шеберлігіне жоғары баға беріп, отандасымызды «қазақстандық гауһар тас» деп атап үлгерді.
Айта кетейік, Кәрім Меңдіқановтың Испаниядағы жолы 2022 жылы басталды. Ол қоныс аударған сәттен бастап, «Барселона» клубының жастар қатарында жаттығып, тәжірибе жинақтаған. Өткен маусымда «Cerdanyola» сапында өнер көрсетіп, «Mundo Deportivo» басылымының назарына ілікті. Жаңа маусымды «Sant Cugat» клубымен бастаған футболшы өз лигасындағы ең үздік ойыншылардың бірі ретінде танылып, кәсіби деңгейін дәлелдеп келеді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61