ҚОҒАМ
Денсаулық сақтау министрлігі 1991 жылдан бергі қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының өзгеру көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы рекордтық деңгейге көтеріліп, 75,97 жасты құрады. Мемлекеттік органның деректеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш еліміз егемендік алған кезеңнен бергі ең жоғары нәтиже ретінде тіркеліп отыр.
«1991 жылы өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жасты құраған болатын (2001 жылы - 65,6, 2011 жылы - 68,98, 2021 жылы - 70,23). Осылайша, үш жарым онжылдықтағы прогрестің арқасында Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа ұзарды», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәлімдеуінше, өмір сүру жасының ұзаруына жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар айтарлықтай әсер еткен. ДСМ бұл бағыттағы жұмыстардың өлім-жітім көрсеткішін төмендетудегі маңызы жоғары екенін атап өтті.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61