САЯСАТ

Үкімет Жаңа Конституция бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті

Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық референдумда қабылданған Конституцияны халық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл құжат азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруді және Ата заңның әрбір тармағын халыққа түсіндіруді көздейді, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дерекккөз

Үкімет бекіткен құжат үш негізгі бағыттан тұратын 36 нақты іс-шараны қамтиды. Жоспар аясында Ата заңның мәтінін жаппай басып шығарумен қатар, цифрлық қолжетімділікке де басымдық берілген. Атап айтқанда, құжат электронды платформаларға жүктеліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы форматтарда әзірленетін болады.

Жоспардың маңызды бөлігі — Конституцияны құрғақ заңдық мәтін деңгейінен шығарып, әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі бағдарына айналдыру. Ол үшін ғылыми-сараптамалық қолдау көрсетіліп, халыққа түсінікті көрнекі материалдар мен ағартушылық жобалар іске қосылады. Бұл бастамалардың түпкі негізі — қоғамдағы құқықтық мәдениетті жаңа сапалы деңгейге көтеру.

Бекітілген шаралар жиынтығы Конституцияны халыққа жақындатуға және заң талаптарының толыққанды өміршеңдігін арттыруға бағытталған.

 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61