ТЕХНОЛОГИЯ
NASA-ның «Artemis II» миссиясы аясында астронавттар Айды айналып өтіп, 50 жылдан астам уақыт бұрын орнатылған қашықтық рекордын жаңартты. Бұл сапар адамзаттың ғарышты игеру тарихындағы ең алыс әрі маңызды қадамдардың біріне айналды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: NASA
Бүгін Orion ғарыш кемесі Айдың тартылыс аймағына еніп, айналып өтті. Экипаж мүшелері Ай бетіне 6 545 шақырым (4067 миль) қашықтыққа дейін жақындады. Олар жеті сағат бойы Ай бетінің ландшафтын зерттеп, деректер жинады.
Астронавттар Ай бетінің бұрын-соңды адам көзімен көрілмеген бөліктерін — оның Жерден көрінбейтін арғы бетіндегі аймақтарын бақылады. Миссия барысында Orion кемесі Жерден 405 500 шақырымнан (252 000 миль) астам қашықтыққа ұзап шықты. Осылайша, Artemis II экипажы 1970 жылы «Аполлон-13» орнатқан рекордты жаңартты. Бұл бақылаулар болашақта Ай бетіне қону миссиялары үшін стратегиялық маңызға ие.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61