БІЛІМ

Қазақстан әлемдік білім беру рейтингінде 18-орынға тұрақтады

Қазақстанның білім беру саласы халықаралық аренада жоғары бағаланып, еліміз Insider Global Education Index рейтингінде 18-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дерекккөз

Қазақстан 0,092 баллдық көрсеткішпен жаһандық деңгейде интеграцияланған және тұрақты дамушы білім жүйесі бар елдердің қатарына ресми түрде енді. Сондай-ақ Польша (19-орын) мен БАӘ (20-орын) сияқты дамыған мемлекеттерді басып озып, Нидерланд (17-орын) пен Сауд Арабиясы (16-орын) секілді білім беру жүйесі қуатты елдермен иық тіресті.

Жаһандық рейтингтің көшін дәстүрлі түрде АҚШ бастап тұрса, үздік үштікті Ұлыбритания мен Қытай түйіндейді. Алғашқы ондықтың қатарынан Германия, Аустралия, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер де орын алған. Бұл елдердің басты артықшылығы — әлемдік деңгейдегі ірі зерттеу университеттерінің шоғырлануы мен ғылым саласына бөлінетін инвестиция көлемінің жоғарылығында.

Аталған рейтинг үш негізгі көрсеткішке сүйене отырып жасалған. Олардың қатарында «QS Top 1000» тізіміне енген университеттердің үлесі, олардың халықаралық рейтингтердегі орташа позициясы және білім беру саласына салынатын мемлекеттік инвестиция деңгейі бар. Дәл осы факторлар кадр даярлау сапасына, ғылыми-зерттеу базасының мықтылығына және жоғары оқу орындарының жаһандық білім кеңістігіне ықпалдасуына тікелей әсер етіп отыр.

Қазақстан білім беру саласында тұрақты даму моделін қалыптастырып, халықаралық деңгейдегі беделін нығайтып келеді. Бүгінде еліміздің 10-нан астам жоғары оқу орны әлемдік «QS Top 1000» тізіміне еніп отыр. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University сияқты жетекші оқу орындарының жаһандық рейтингтегі 300-800 орындар аралығындағы көрсеткіштері еліміздің халықаралық білім беру картасындағы позициясын бекіте түсті.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61