ҚОҒАМ
Мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемденіп, қылмыстық кірісті заңдастырды деп айыпталған Қостанай тұрғындарына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев
Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізді. «Beef Export Group» ЖШС басшысы А.Г. Пархоменконың басқаруымен құрылған қылмыстық топ мемлекет қаржысын қолды етудің жүйелі жоспарын жүзеге асырған. Қылмысқа тек кәсіпкерлер ғана емес, Ауыл шаруашылығы басқармасының шенеуніктері, жергілікті ветеринарлар және аудандық деңгейдегі фермерлер де тартылған. Осындай көпсатылы сыбайластықтың нәтижесінде мемлекеттік субсидиялар мақсатсыз бөлініп, заңсыз иемденілген.
Қаскөйлер агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны баю көзіне айналдырған. Олар мал сатып алу туралы құжаттарды қолдан жасап, мемлекеттен негізсіз субсидия алып келген. Қылмыстық схеманы жасыру үшін ақпараттық жүйелерге жалған мәліметтер енгізіліп, түскен қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Содан кейін бұл ақша бақылаудағы ұйымдардың шоттарына «тауар үшін төлем» ретінде қайта аударылып, заңды айналымға қосылған. Тергеу барысында мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3 миллиард теңгеден асатыны анықталды.
Тергеу амалдары кезінде күдіктілер тарапынан мемлекетке келтірілген шығынның 107 миллион теңгеден астам бөлігі өз еркімен қайтарылды. Сот шешіміне сәйкес, қылмыстық топтың басында тұрған А.Г. Пархоменко 14 жылға сотталды. Оның 14 сыбайласы да жазасыз қалған жоқ: олар 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекет пайдасына жалпы құны 3 миллиард теңгеден асатын мүлік, оның ішінде 1,3 млн АҚШ доллары мен 700 миллион теңге көлеміндегі қаражат тәркіленді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61