МӘДЕНИЕТ

Жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Түркістан сақшылары» атты анимациялық мультфильм көрермен назарына жол тартты

2026 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін бергені белгілі. «Turkistan» телеарнасы осы стратегиялық бағдар аясында да уақыт талабына сай қадам жасап, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ақпараттық кеңістікте тиімді пайдалануға кірісті. Телеарна үшін бұл тек техникалық жаңарумен қатар шығармашылық ойлау жүйесін жаңа деңгейге көтеретін маңызды құралға айналды. Нәтижесінде ақпараттық өнімнің сапасы артып, көрерменге мазмұны терең, формасы жаңашыл контент ұсыныла бастады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: «Turkistan» телеарнасы

ЖИ бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі – жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды жүргізуші Күншуақ Табиғатқызы. Ол бүгінде тұрғындарға күн райы болжамын ұсынып, жаңа технологияның өмірімізге қаншалықты жақын ене бастағанын айқын көрсетіп келеді. Ал телеарнаның ең ауқымды әрі мазмұны терең төл туындысы ретінде «Түркістан сақшылары» мультфильмін атауға толық негіз бар.

Фото: «Turkistan» телеарнасы

Фото: «Turkistan» телеарнасы

Үлкен экран арқылы көрерменге жол тартқан бұл мультхикая шытырман оқиғаларға толы, тартымды сюжетімен ерекшеленеді. Туындының басты мақсаты – ұлттық мазмұнды заманауи форматта ұсыну, сондай-ақ отандық анимация өнерінің дамуына тың серпін беру. Осы орайда мультфильмде Түркістан өңірінің бай тарихы, терең мәдениеті мен рухани мұрасы жаңа көзқараспен қайта жаңғырған.

Фото: «Turkistan» телеарнасы

Фото: «Turkistan» телеарнасы

Кейіпкерлердің бейнесі, қимыл-қозғалысы, табиғи көріністер мен әсерлі динамикалық эффектілердің барлығы жасанды интеллект технологиясының көмегімен жасалған. «Түркістан сақшылары» дәстүрлі құндылықтарды заманауи технологиялық жаңашылдықтармен үйлестіре отырып, көрерменді тарихи аңыздар мен қиял-ғажайып әлем астасқан ерекше рухани кеңістікке жетелейді.

Фото: «Turkistan» телеарнасы

Фото: «Turkistan» телеарнасы

Ұлттық рухты жаңа форматта сөйлеткен бұл анимациялық жоба көрерменге өзгеше әсер сыйлап, жас ұрпақтың тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттырады деп күтілуде.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61