ТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстан спутниктік ұялы байланысты пилоттық режимде сынақтан өткізді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақстандық оператор SpaceX компаниясымен бірлесіп, Direct-to-Cell жобасын қолға алғанын мәлімдеді. Бұл технология жергілікті жерде базалық станциялар болмаса да, смартфондардың тікелей спутник арқылы байланысқа шығуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ulysmedia

«SpaceX компаниясымен бірлесіп, «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) операторы Қазақстан территориясында Direct-to-Cell технологиясын енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда. Аталған жұмыстар 2025 жылғы 6 қарашада АҚШ-та өткен «С5+1» саммиті аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Кар-Тел» ЖШС операторы және SpaceX компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум негізінде жүргізілуде», – деді Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, 2025 жылдың соңында Қазақстан аумағында бұл технологияның пилоттық сынақтары өткізілді.

«Бүгінде америкалық технологияны Қазақстанда коммерциялық пайдалануға беру үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты керек. Онымен тиісті мәселелерді келісу бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді ЖИ министрі Мәдиев.

Direct-to-Cell технологиясының басты артықшылығы — смартфонға ешқандай қосымша антенна орнатудың немесе ауыр жабдықтарды қолданудың қажеті жоқ. Қалта телефоныңыз тікелей жерсерікке қосылады. Бұл жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін Илон Масктың командасы ғарыш аппараттарының санын арттырып, арнайы меншікті чиптерді енгізуде. Сондай-ақ, EchoStar ресурстары арқылы байланыс жиілігінің ауқымы кеңейтіліп жатыр.

Жүйе 4G LTE және 5G NR NTN стандарттарында жұмыс істейді. Мұнда абоненттік құрылғы ғарыштық сегментті виртуалды базалық станция ретінде сәйкестендіріп, лезде байланыс орнатады. Жерүсті желісі мен спутниктік топтама арасындағы өткел роуминг принципі бойынша үздіксіз әрі автоматты түрде орындалады. Технологияның негізгі қолданыс аясы магистральды трассалар, теміржол желілері, теңіз және әуе көлігі сияқты жерүсті байланысы тұрақсыз нүктелерді қатиды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61