БІЛІМ

Білім беру бағдарламасына мазмұндама, шығарма, диктант қайта енгізілмек

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Министр Атырау облысына жұмыс сапары барысында білім сапасын арттыру мақсатында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

Оқу бағдарламасына құқықтық сауаттылықты арттыратын жаңа пәндер енгізілмек. Атап айтқанда, 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері», 8-9-сыныптарға «Заң және тәртіп» пәндері оқытылады, ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» міндетті пәнге айналады. Бұдан бөлек, министр мектептерде оқушылардың жазу сауаты мен ойлау қабілетін дамыту үшін диктант, мазмұндама және шығарма жазу жұмыстарының қайта жанданатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі тарапынан педагогтерді аттестаттау жүйесін реформалау бойынша бірқатар бастамалар көтерілген болатын. Қазіргі уақытта педагогтардың біліктілігін бағалау бойынша тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61