САЯСАТ

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады

Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылады, хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Партияның бағдарламалық мақсаттары «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына сай келеді. Партия прогрессивті реформаларды ілгерілетуді, құқықтық мемлекеттің негізі ретінде заң үстемдігін орнықтыруды және мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қарапайым халықтың араласуын арттыруды көздейді. Бастамашыл топ жаңа Конституция қағидаттарына сүйене отырып, азаматтардың бостандығы мен мүддесін қорғауды өздерінің басты миссиясы ретінде жариялады.

Фото: Ашық дереккөз

Фото: Ашық дереккөз

«Біз экономикасы мықты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта беделді Әділетті мемлекетті құру және нығайту үшін барлық жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді», - делінген мәлімдемеде.

Партия өз жұмысының негізгі басымдықтарын айқындап, барша қазақстандықтар үшін тең мүмкіндіктер жасауды, сондай-ақ тәуелсіз әрі әділ сот жүйесін қалыптастырып, елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр. Осы мақсатта 16 сәуір күні бастамашыл топ Әділет министрлігіне ресми тіркеу рәсімдерін бастау туралы өтініш жолдап, ендігі кезекте жақын арада саяси ұйымның құрылтай съезін өткізу жоспарланған.

Бастамашыл топ құрамына «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, саясаттанушы Марат Шибұтов, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, «Qazaqstan» РТРК тележүргізуші-журналисі Ирина Тен, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева бар.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61