ҚОҒАМ
Ресей мен Әзербайжан 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған AZAL әуекомпаниясы ұшағының апатына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
2024 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғаға қатысты Мәскеу мен Баку арасындағы келіссөздер аяқталды. Екі мемлекеттің СІМ таратқан мәліметінше, Душанбе саммитіндегі мемлекет басшыларының уағдаластығы негізінде Embraer 190 апатының зардаптарын реттеу жұмыстары жүргізілді. Ендігі кезекте тараптар өтемақы төлеу процесін бекітілген регламент бойынша жүзеге асырмақ.
Бірлескен құжатта апаттың нақты себебі де ашық көрсетілген: AZAL әуе кемесінің құлауына Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі әуе шабуылынан қорғау жүйелері тарапынан байқаусызда жасалған іс-қимылдар себеп болған. Мәлімдемеде бұл жағдайдың ешқандай қасақана ниетсіз орын алғаны атап өтілген.
«Қабылданған шаралар одақтастық іс-қимыл аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі құруға деген ортақ ұмтылысты растайды. Ресей-Әзербайжан байланыстарының өзара құрмет, сенім және тараптардың мүдделерін ескеру негізінде үдемелі дамуы тату көршілік қатынастарды нығайтуға және екі мемлекет халықтарының мүддесі үшін ынтымақтастықты кеңейтуге алдағы уақытта да ықпал ететініне сенім білдіреміз», - делінген делінген бірлескен мәлімдемеде.
Ресей мен Әзербайжан бұл трагедияның орны толмас шығын екенін баса айтып, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айту жеделхатын жолдады. Мәлімдемеде осы қасіреттен зардап шеккен әрбір жанның қайғысына ортақтасатындықтары атап көрсетілген.
Ақтау іргесіндегі трагедия 2024 жылдың соңында, нақтырақ айтсақ 25 желтоқсанда болды. Бакуден Грозныйға бет алған әуе кемесінің құлауы салдарынан барлығы 67 адам зардап шекті: оның 38-і қаза тапса, 29-ы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл оқиға соңғы жылдардағы аймақтағы ең ірі авиациялық апаттардың бірі ретінде тіркелді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61