ҚОҒАМ

Кәріз жүйесін талдау арқылы нашақорлықтың жасырын нүктелерін анықтау ұсынылды

Депутат Алтыншаш Табулдина кәріз жүйесін талдау арқылы нашақорлықтың жасырын нүктелерін анықтауды ұсынып отыр. Бұл технология есірткі тұтынушыларды жасырын пәтерлер мен мектеп, университет ішінен-ақ тауып алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Google AI

Депутаттың мәлімдеуінше, кәріз жүйесіндегі судан есірткі заттарының тіпті микроскопиялық іздерін тауып, сол арқылы тыйым салынған заттарды қолданушылардың нақты орналасқан жерін қатесіз анықтауға болады.

«Кәріз құбырларынан сынама алып, нақты қай жерде - белгілі бір үйде, университетте немесе мекемеде мұндай фактілердің бар-жоғын анықтауға болады. Бұл - жұмыс істеуге болатын нақты нысаналы топтар. Біз бір ұйымда болып, тіпті аз мөлшердегі дозалардың кәріз құбырлары арқылы анықталатынын көрдік. Қай жерде - үйде, мекемеде, университетте немесе колледжде есірткі тұтынылатынын түсінуге болады», - деді ол.

Депутат ағын суларды есірткі ізіне талдаудың заманауи әдістері қазірдің өзінде кейбір ұйымдарда қолданылып жатқанын атап өтті.

Жастар арасындағы нашақорлық мәселесі әлі де күрделі. Депутаттың пікірінше, құрғақ лекциялар мен бейнематериалдар түріндегі алдын алу жұмыстары нәтижесіз болып отыр. Ескі тәсілдер есірткіге тәуелділікті тежеуге қауқарсыз.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61