БІЛІМ
METU қабырғасында Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг – көрнекті ғалым, әлем мойындаған сарапшы және есімі қазіргі заманның ең маңызды жаһандық сын-қатерлерін шешумен байланысты тұлға ашық дәріс өткізді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: METU
Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен болған кездесуді Қазақстанның білім және ғылым саласы үшін мәні зор, айрықша белгі ретінде бағалауға болады.
Ашық дәрісте Рае Квон Чунгтің баяндамасы мазмұнды әрі терең әңгімеге ұласып, адамзат болашағы, ғылым мен технологияның рөлі, экологиялық жауапкершілік пен орнықты даму мәселелерін қамтыды. Бірақ бұдан да маңыздысы – бұл кездесуде жастардың әлеуетіне, білімге және жаңа идеялардың қуатына жоғары баға берілуі. Дәл осындай кездесулер университеттегі студенттер мен оқытушылық құрамға шабыт беріп, дүниетанымды қалыптастырып, жетістіктердің негізін қалайды.
Ғалыммен болған кездесуде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті озық ой, академиялық ашықтық және жоғары стандарттарға ұмтылыс тоғысатын алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Университет қабырғасында Нобель сыйлығы лауреатының ашық дәріс өткізуі – оның мәртебесінің, болашаққа бағдар ұстанымының және ел дамуын айқындайтын жаңа буын мамандарын даярлаудағы рөлінің мойындалуы.
Еліміз үшін де мұндай оқиғалардың маңызы ерекше. Олар еліміздің жаһандық үдерістерден тыс қалмай, зияткерлік және ғылыми күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді. Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатқан кезеңде білім, инженерия, технология және ғылым ұлттық табыстың кілтіне айналуда. Осындай мазмұнды ойлардың қазақстандық университет қабырғасында, болашаққа жауапкершілікпен қарайтын ақылды, амбициясы жоғары жастарға бағытталып айтылуы аса символдық мәнге ие.
Рае Квон Чунгтің METU-дағы дәрісі – қазақстандық білімге деген сенімнің қуатты нышаны, халықаралық мойындаудың белгісі және ел бойынша мыңдаған жас үшін шабыттандыратын үлгі. Мұндай оқиғалар өз күшіне деген сенімді арттырып, білімге ұмтылысты күшейтіп, Қазақстанның болашағы бүгін – университет аудиторияларында, ғылыми ізденістерде, батыл идеяларда және үздік болуға деген талпыныста қалыптасып жатқанын еске салады.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61