МӘДЕНИЕТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық Кітап күнімен құттықтап, алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ерлан Омар
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс», – деп жазылған жазбада.
Айта кетейік, Ұлттық Кітап күні - 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты бекітілген мереке. Бүгінде еліміздің әр аймағында ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар, ауқымды фестивальдер ұйымдастырылуда.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61