ТЕХНОЛОГИЯ

Биыл елімізде Жасанды интеллект университеті ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде елімізде Жасанды интеллект университеті ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

Бүгінде 650 мыңнан астам студент Al Sana бағдарламасымен білім алып жатыр. Алдағы уақытта жасанды интеллект және deeptech-технологиясына қатысты тағы да 100 мың маман даярлауымыз керек. Биыл елімізде жаңа үлгідегі технологиялық білім ордасы – Жасанды интеллект университеті ашылады. Бұл ғылым саласы үшін маңызды оқиға болмақ. Енді алдымызда тұрған өзекті міндет: біз осы салада білікті маман даярлау ісіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Дарынды жастарды тартып, оларға сапалы білім беру қажет. Сондай-ақ келешегі зор технологиялық жобалар мен компанияларға қолдау көрсету айрықша маңызды. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесі де еліміз үшін тиімді болары анық, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарының әлеуетін арттыруға, оларға цифрлық дағдыларды үйретуге баса мән беріп отырғанын жеткізді. Жаппай цифрландыру мен AI-ды енгізу бүгінде мемлекет пен қоғам өмірінде ауқымды реформаларға серпін беріп отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61