ҚОҒАМ

PR, AI және Экология: Болашақ мамандар Қазақстан бейнесін қалай өзгертеді?

24 сәуірде «Сиреневый PRорыв – 2026» халықаралық студенттік конференциясының финалы өтті. Онда жас мамандар «Елдік PR: Қазақстан имиджі» конкурсы аясында өз жобаларын таныстырды. Биылғы іс-шара PR, цифрлық технологиялар және экологиялық жауапкершілік тақырыптарын қамтыды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ХАТУ

Фестиваль алаңы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде ұйымдастырылды. Фестивальге А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, Astana IT University, DKU, UIB, ХАТУ, Тұран университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Almaty Management University, Yessenov University және Zhanibekov University қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс жас мамандардың Digital және AI-құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан бейнесіне заманауи көзқарастарын ұсынатын кеңістігіне айналмақ.

Фото: ХАТУ

Фото: ХАТУ

Фестивальде конкурстық бағдарламадан бөлек, конференция аясында Coca-Cola компаниясы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және «Recycle Бiрге» экологиялық қозғалысымен бірлесіп, қалдықтарды бөлек жинау жобасы іске асырылды. Алаңда макулатура, пластик, шыны және алюминийді сұрыптауға арналған арнайы аймақтар ұйымдастырылды. Жиналған қалдықтар қайта өңдеуге жіберілді.

Экологиялық бастама жоба серіктесі — CCI Kazakhstan қолдайтын тұрақты дамудың кең күн тәртібінің бір бөлігі болмақ. Компания қалдықтарды жинау инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салып, 2030 жылға қарай нарыққа шығарылған қаптаманың 100% баламасын жинауды мақсат етіп отыр.

Ұйымдастырушылар конференцияның мақсаты — заманауи коммуникациялар тек имидж үшін ғана емес, нақты өзгерістер үшін де жұмыс істей алатынын, ал экологиялық жауапкершілік болашақ мамандардың кәсіби мәдениетінің бөлігіне айналғанын көрсету екенін атап өтті.

Фото: ХАТУ

Фото: ХАТУ

Айта кетейік, «Сиреневый PRорыв» халықаралық студенттік конференциясын PR-шы клубы 2002 жылдан бері өткізіп келеді, ал 2026 жылы бұл байқау алғаш рет фестиваль форматында ұйымдастырылып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61