МӘДЕНИЕТ
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы қазақ киносының аңызы, Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетпек. Продюсер «Қыз Жібек» фильмі арқылы халықтың ықыласына бөленген актрисаға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фотоколлаж: Politico.kz
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған қамзолға қатысты бейнеүндеу жариялады. Бейнеүндеуде продюсер тарихи экспонатты тапсырумен қатар, фильмде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға құрмет ретінде бағалы тон кигізіп, ай сайын бір миллион теңге көлемінде қаржылай сый тағайындады. Продюсер бұл қадамы арқылы ұлттық мәдениетке еңбегі сіңген тұлғаға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан.
«Құрметті Меруерт апай, сізге арналған шағын ғана сыйлығымды табыстағым келеді. Мына тонды қабыл алыңыз, сізге ұнайды деп үміттенемін. Сондай-ақ, өзімнің және жұбайымның атынан сізге өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде төлем тағайындағым келеді. Неге мұны жұрттың алдында айтып отырмын? Себебі мен ел үшін еңбек етіп, театр мен кинода тер төккен қаншама әртістің ұмыт қалғанын білемін. Мен меценаттарға біздің тарихымыз өзгерткен және өзгертіп келе жатқан адамдарды ұмытпай көмектесіңіздер дегім келеді», – деді танымал продюсер.
Сондай-ақ продюсер актрисаның мәңгі Қыз Жібек және мәңгі қазақ қыздарының символы болып қалатынын айтып, мәртебесін ұлықтай отырып, оны алдағы «Қазақ аруы» байқауына құрметті қонақ ретінде ресми түрде шақырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61