БІЛІМ
«Prshy» клубының ұйымдастыруымен «Сиреневый PRорыв – 2026» халықаралық студенттік конференциясы аясында «Елдік PR: Қазақстан имиджі» конкурсының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ХАТУ
Биылғы конференция академиялық мазмұн мен практикалық бағытты біріктіретін инновациялық фестиваль форматында өтті. Іс-шараға Қазақстанның және шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында қоғаммен байланыс, журналистика, маркетинг, менеджмент, туризм және халықаралық қатынастар бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің PR және коммуникация саласындағы тәжірибелік машықтарын шыңдау, визуалды сторителлинг мәдениетін дамыту және медиа-жобаларда жасанды интеллект технологияларын саналы әрі шығармашылық тұрғыда қолдануға ықпал ету.
Биылғы іс-шараның күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер қамтылды:
Елдің халықаралық және ішкі имиджін қалыптастырудағы визуалды коммуникациялардың рөлі;
PR саласындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қолданылуы;
Коммуникациялық стратегиялардағы экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму идеологиясы.
Алдын ала іріктеуден өткен үздік жобалар кәсіби қауымдастық пен қазылар алқасының назарына ұсынылды. Сапалы сараптама нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:
«Сыртқы PR» санаты (External PR)
AI-генерация бағыты:
I орын: Құттымұрат Әлиасқар (Almaty Management University);
II орын: Аршидинова Дж., Мартынушкина К., Агамедова Р. (Тұран Университеті);
III орын: Даллакян А., Ізбасова М. (Ш. Есенов атындағы КТУиИ).
Классикалық бағыт:
I орын: Әбішева Диляра (Astana IT University);
II орын: Нұрмұханбетова Ж., Дүйсенбек А., Дәулібаева А. (А. Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ).
«Ішкі PR» санаты (Internal PR)
AI-генерация бағыты:
I орын: Байтемирова М., Аминова С., Рамодина К. (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ);
II орын: Нұрлыбай Н., Тұримова А. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Классикалық бағыт:
I орын: Садықова Ромина (UIB);
II орын: Хабибулина Регина (А. Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ).
Ерекше шығармашылық шешімдері үшін Садықова Ромина (UIB) «Жыл креативі» номинациясымен марапатталса, Шәкәрім университетінің студенттері «Ең шынайы аватар» жүлдесін иеленді. Сондай-ақ, салалық серіктестердің арнайы жүлделері табысталды:
Global Nomads сыйлығы: Құттымұрат Әлиасқар (AlmaU);
Grey Cardinals PR-агенттігінің сыйлығы: Шмидт Артем (А. Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ).
«Сиреневый PRорыв – 2026» халықаралық конференциясы қазіргі заманғы PR мамандарының жоғары технологиялық трендтер мен экологиялық құндылықтарды игеруге толықтай дайын екендігін кезекті рет айқын дәлелдеді. Бұл шара жас таланттардың шығармашылық әлеуетін ашып, еліміздің халықаралық имиджін нығайтуға үлкен серпін берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61