ТЕХНОЛОГИЯ

Президент NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект  саласындағы әлемдік көшбасшы – NVIDIA компаниясының вице-президенті Николо Мартин Капрезбен және Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

Кездесу барысында еліміздің технологиялық болашағына қатысты стратегиялық мәселелер талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жақын арадағы басты мақсаты – алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналу екенін нақтылады. Бұл мақсатқа жету жолында NVIDIA технологияларына негізделген суперкомпьютер кластерлерін іске қосу ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам елдің технологиялық дербестігін нығайтудағы шешуші фактор болмақ.

Кездесудегі маңызды жаңалықтардың бірі – Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру жобасы. Бұл стратегиялық жоба аясында инвесторларға келесідей қолайлы жағдайлар жасалмақ:

Қолжетімді және тұрақты электр энергиясы;

Жоғары жылдамдықты телекоммуникация желілері;

Арнайы салық жеңілдіктері мен преференциялар.

NVIDIA және Firebird AI өкілдері өз кезегінде Арменияда жүзеге асырылып жатқан ұқсас жобаларының тәжірибесімен бөлісті. Бұл халықаралық тәжірибе Қазақстандағы ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану барысында ескерілетін болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61