БІЛІМ
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері» жөніндегі заң жобасының бірінші оқылымында колледж студенттеріне арналған айтулы жаңалықты жария етті. Енді техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің үздік шәкірттері жоғары оқу орындарына жеңілдікпен түсу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Заң жобасындағы ең басты өзгеріс — кәсіби шеберлік бойынша халықаралық байқаулардың, атап айтқанда WorldSkills жеңімпаздарына қатысты. Ұсынылып отырған норма бойынша әлемдік деңгейдегі кәсіби байқауларда жеңіске жеткен колледж түлектеріне ҰБТ тапсырмай-ақ университет грантын алу құқығы беріледі. Бұл мүмкіндік халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына бұрыннан берілетін жеңілдіктермен теңестіріледі.
Депутаттың айтуынша, өз мамандығы бойынша әлемдік деңгейде озық шыққан колледж түлегі пәндік олимпиада жеңімпазы секілді құрметке лайық. Бұл қадам кәсіптік білімнің беделін арттырып, талантты жастарға үлкен мотивация бермек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61