ҚОҒАМ
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Baq.kz
«Заң жобасында жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты жеке нормалар көзделген. Айта кету керек, бұл өзгерістер азаматтардың жеке деректерін қорғау туралы конституциялық норманы іске асыру мақсатында енгізіліп отыр. Біріншіден, заң жобасында жеке деректер операторларын санаттарға бөлу енгізіледі. Операторлар тәуекел деңгейіне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Осыған байланысты талаптар да әртүрлі болады. Ірі операторларға және жабық деректермен жұмыс істейтін операторларға деректерді қорғау бойынша жоғары талаптар қойылады», – деді құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Біріншіден, бұл қадам жеке деректерді реттеуде тәуекелдерді басқару моделіне көшуге мүмкіндік береді. Екіншіден, жаңа заң жобасы аясында бұған дейін таралып кеткен жеке мәліметтердің тізілімін енгізу жоспарлануда.
«Әр азамат мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін тексере алады. Бұл адамдарға өз деректерін қорғау үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, жеке деректер жарияланған кезде және олармен алмасу кезінде қорғау талаптары күшейтіледі. Жеке деректерді маскалау және хэштеу талаптары енгізіледі. Мысалы, сот шешімдері немесе мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттар сияқты ашық жариялануы міндетті құжаттарға қатысты. Мұндай құжаттарда жеке ақпараттың көп көлемі болуы мүмкін», – деді ол.
Жаңа ережелер бойынша, операторлар дерек алмасу кезінде шифрлау әдістерін қолдануға міндетті болады. Сондай-ақ, жеке мәліметтерді ашық жариялау үшін азаматтардың келісімін алу талаптары айқындалады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61