ҚОҒАМ

Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шені берілмек

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде мәлімдеді.    

Президент күштік құрылымдардың қатарын сапалы кадрлармен толықтыру мақсатында жастарды әскери қызметке тарту жұмыстарының жанданғанын атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы әскери оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектер үшін арнайы ынталандыру шараларын, соның ішінде офицерлік шен беру және мансаптық өсу жеңілдіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Gov.kz

Президент күштік құрылымдардың қатарын сапалы кадрлармен толықтыру мақсатында жастарды әскери қызметке тарту жұмыстарының жанданғанын атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы әскери оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектер үшін арнайы ынталандыру шараларын, соның ішінде офицерлік шен беру және мансаптық өсу жеңілдіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Парламент тиісті заңнамалық түзетулерді қарастырып жатыр. Енді оқуда ерекше көзге түскен жас мамандарға ынталандыру ретінде «аға лейтенант» әскери атағы бірден берілмек. Бұл бастама әскери білімнің сапасын көтеріп, жастар арасында офицерлік мамандықтың тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді. 

«Қауіпсіздік мәселелері, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту, қызметтердің беделін көтеру – негізгі мемлекеттік басымдықтар мен міндеттер. Соңғы жылдары әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне кеңінен қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, ипотекалық бағдарламалар іске қосылды, еңбекақы көлемі кезең-кезеңімен артып, әлеуметтік жеңілдіктер көбейді. Күштік құрылымдар сапына жастарды көптеп тартып, кадрлық әлеуетті нығайту ісіне көңіл бөлінуде. Мен әскери оқу орындарының үздік түлектерін ынталандыру жөнінде тапсырма бердім. Парламентте үздік білім алушыларға оқуды тәмамдаған кезде бірден «аға лейтенант» дәрежесін беруге қатысты тиісті түзетулер қарастырылып жатыр», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы таяу жылдардағы басты басымдық әскери білім беру жүйесін кешенді түрде жаңғырту болуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл стратегиялық бастамалар ұлттық қорғаныс әлеуетін нығайтуға және заман талабына сай, жоғары білікті офицерлік кадрлардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61