САЯСАТ

Лондонның Сент-Джеймс ауданы басшылығына Қазақстан тумасы Санжар Әбішев сайланды

Ұлыбритания астанасының ең беделді әрі тарихи аудандарының бірі — Сент-Джеймс басшылығына Қазақстан тумасы Санжар Әбішев сайланды. Консервативтік партия атынан сайлауға түскен отандасымыз жергілікті тұрғындардың жоғары сеніміне ие болып, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Санжар Әбішевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Дауыс беру қорытындысы бойынша Санжар Әбішев жалпы 2,3 мың дауыстың ішінде қарсыласынан 350 дауысқа озып шықты.

«Британдық элита арасында ешқандай таныс-тамырсыз, тек білімі, тәртібі және көпжылдық еңбегі арқылы Лондонның мәртебелі ауданының мэрі атанды. Бұл оның үлкен жолының басы ғана екеніне сенімдімін», – деп атап өтті белгілі кәсіпкер, Kusto Group негізін қалаушылардың бірі Қанат Көпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Санжар Әбішев — кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы. Ол жастайынан Англияның білім беру жүйесінен өтіп, әйгілі Malvern College пен беделді университетті тәмамдаған. Оның кәсіби жолы да табысты болып, 2016 жылдан бері әлемдік брендтерге қызмет көрсететін «Blue Swallow Group» маркетингтік агенттігін басқарады. 2015 жылы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау үшін жеке қайырымдылық қорын құрған. Саяси аренада 2022 жылдан бері белсенділік танытып, 2024 жылы Сент-Джеймс округіндегі Консервативтік партияның төрағасы болып сайланған еді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61