ҚОҒАМ

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайының туған күніне Парламенттің атынан ресми құттықтау адресатын табыстады

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайын туған күнімен құттықтап, оған Парламенттің ресми адресатын табыстаған видеосын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Депутаттың сөзінше, мұндай адресаттар ресми құттықтауларға, іс-шараларда қолданылатын болғандықтан, арнайы құттықтау мәтінін жазып, бес мың теңгеге жасатып алған.

«Біз парламентте құттықтауды өзіміз сатып алып жасатамыз. Ресми қағаз 5 мың теңге тұрады. Ресми құттықтауларға, іс-шараларға барғанда алып барамыз. Лаура (жұбайы – авт.) осылай құттықташы деп маған 30 жасқа толған кезде айтқан. Сол гештальті жабылмады. Биыл 32 жасқа толып жатыр. Гештальтін айтқанына үшінші жыл болыпты. Парламент 1 шілдеде тарайын деп жатыр. Қолымда тұрған құттықтау болған соң, 5 мың теңге төлеп шығарып алдым. Ішіне жүрек жарды тілегімді жаздым», – деді Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөліскен видеода.

Айта кетейік, Бүгін Мәжілісте талқыланып жатқан «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын таныстырған депутат Айдос Сарым елімізде алғаш рет депутаттық этика нормалары заң деңгейінде бекітілетінін мәлімдеп, бұл бастама парламенттік мәдениетті мүлде жаңа деңгейге көтеруге тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс депутаттарының жаңа этикалық кодексіне сәйкес, депутаттарға ресми отырыстарда жеке мәселелерін талқылауға қатаң тыйым салынып, көпшілік алдында тек тексерілген ақпаратқа сүйену міндеттелмек. Жаңа ереже әріптестерінің сөзін бөлуге шектеу қойып қана қоймай, тәртіп бұзғандарға қатысты ескерту жасаудан бастап, сөз сөйлеу құқығынан айыру, залдан шығару, тіпті бір күндік жалақысын ұстап қалу секілді нақты тәртіптік жазаларды қарастырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61