ҚОҒАМ
Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Ыбықты сай шатқалындағы жартастарға жазу жазып, нұқсан келтірген тұлғаны анықтады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, вандализм фактісі бойынша кінәлі азамат 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ыбықты сай шатқалындағы жартастарға өз есімі мен көлік нөмірін қашап жазған ер адамның видеосы үлкен резонанс тудырған болатын. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтап, алдымен оған өзі бүлдірген жазуларды өшірткізіп, кейін «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қазіргі уақытта іс материалдары тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
ІІМ Ыбықты сайдағы вандализм дерегіне қатысты соңғы ақпаратты жариялады. Ведомствоның мәліметінше, жартасқа жазу жазған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол 25 тәулікке қамалды.
«Аталған құқықбұзушылықты жасағаны үшін полиция қызметкерлері Маңғыстаудың 21 жастағы тұрғынын анықтады. Вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды», - деп хабарлады ІІМ.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, вандализм үшін 100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 432 мыңнан 8,6 миллион теңгеге дейін), қоғамдық жұмыстар, 50 тәулікке дейін қамау, сондай-ақ 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазалары қарастырылған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61