ДЕНСАУЛЫҚ
Мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу барысында отандық фармацевтикалық өндірісті ілгерілету мен медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде атады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
«Түркияның Abdi İbrahim және Nobel секілді дәрі-дәрмек өндіретін ірі компаниялары шетелдегі алғашқы зауыттарын Қазақстанда ашқан болатын. YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салып жатыр. Ал Orzax Group компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыт салмақшы. Біз бұл бастамаларды толық құптаймыз. Еліміз түрік компанияларымен тығыз жұмыс істеуге және оларға қолайлы жағдай жасауға әзір. Осы жобалар Қазақстанның аймақтағы дәрі-дәрмек өндіретін және оны экспорттайтын орталық ретінде қалыптасуына зор ықпал етері анық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, президент цифрлық экономиканы ілгерілетудің мемлекет үшін маңыздылығын айта келе, барлық салаларды қамтитын цифрландыру үдерісін басты назарда ұстауды міндеттеді. Президенттің айтуынша, ақпараттық технологияларды дамыту, экономиканың түрлі саласында озық цифрлық тәсілдерді қолдану – заман талабы.
«Біз озық технологияларды түрлі салаға енгізу жұмысына ерекше мән беріп отырмыз. Қазақстан нағыз цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасауда. Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Біз екі ірі суперкомпьютерді іске қостық. Астанада Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз еліміздегі орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу үшін ауқымды шараларды жүзеге асыра бастадық. Осыдан екі күн бұрын мен тиісті Жарлыққа қол қойдым. Атап айтқанда, қазір еліміздің алдында білім беру жүйесін әрбір оқушының қарым-қабілетіне сай бейімдеу, дербес деректерді қорғау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, технологияны меңгерген педагогтерді даярлау міндеті тұр», - деді Президент.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық байланыстардың өзара сыйластық пен бауырластыққа негізделгенін және бұл ынтымақтастықтың берік сипатқа ие екенін атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61