ДЕНСАУЛЫҚ
Сенат жұмыс берушілерді қызметкерлерінің скринингтік тексеруден кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге міндеттейтін заңды мақұлдады. Жаңа нормаға сәйкес, медициналық тексеру кезінде қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы толық сақталуы тиіс, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Еңбек кодексі жұмыс берушіні қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін ақылы әлеуметтік демалыс беруге міндеттейді, бірақ көпшілік бұл құқығын және тегін скринингтен өту мүмкіндігін білмейді.
Осы мәселені шешу мақсатында 2026 жылдың наурызында Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрлігіне маңызды ұсыныс тастаған болатын. Олар азаматтардың тізімін компаниялардың кадрлық жүйелерімен біріктіріп, eGov арқылы арнайы ескертулер жіберуді бастама етті. Нәтижесінде, 14 мамырда Сенат еңбек заңнамасына тиісті түзетулерді мақұлдады. Енді медициналық ұйымдар цифрлық жүйелер арқылы жұмыс берушілерге қай қызметкердің скринингтен өтуі тиіс екенін тікелей хабарлап отырады.
Тиісті ескерту алғаннан кейін кәсіпорын басшылары қызметкерге тексеруден өтуі үшін арнайы уақыт бөлуі керек. Бұл ретте оның жұмысы мен айлығы толық сақталады. Ал заңды белден басып, демалыс бермеген жұмыс берушілер үшін жауапкершілік қарастырылған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61