ҚОҒАМ

Өзбекстан Президентінің тартуы: Түркістанда заманауи мешіт бой көтерді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мешіт Өзбекстан Басшысының Түркістан тұрғындары мен барша Қазақстан халқына тарту еткен бағалы сыйы ретінде салынған.

Фото: Aqorda

Фото: Aqorda

Жаңа мешіттің сәулетінде классикалық ислам үлгілері мен осы заманғы озық құрылыс технологиялары қолданылған. Мешіттің сыртқы қасбеті мен ішкі интерьерін безендіруде ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен қасиетті каллиграфиялық жазулар кеңінен пайдаланылған. Нысанның әр мұнарасы  –   61 метр. Жаңа инженерлік жүйелермен қамтылған кешеннің сыртқы аумағы да толық абаттандырылған: заманауи жарық беру құрылғылары орнатылып, келушілерге арналған демалыс орындары мен субұрқақтар бой көтерген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61