ТЕХНОЛОГИЯ

Google Apple-ді басып озып, әлемдегі ең ықпалды брендтер рейтингінде көш бастады

Google компаниясы 2018 жылдан бері алғаш рет әлемдегі ең қымбат әрі ең ықпалды брендтер рейтингінде бірінші орынға шықты. Сарапшылардың мәліметінше, соңғы төрт жыл бойы бұл тізімде ешкімге дес бермей келген Apple компаниясы биыл екінші орынға сырғыған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Аналитиктер Google-дың бұл серпілісін компанияның жасанды интеллект технологиялары мен заманауи дата-орталықтарды дамытуға жасаған орасан зор инвестициясымен байланыстырады. Дәл осы инфрақұрылымдық қадамдар IT-алпауыттың нарықтық құны мен ықпалының еселеп өсуіне негізгі қозғаушы күш болды.

Kantar BrandZ рейтингінің мәліметінше, Google брендінің құны бір жыл ішінде 57%-ға өсіп, 1,5 триллион долларға жеткен. Сарапшылар мұндай өсімді жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуымен және дата-орталықтар инфрақұрылымына салынған инвестициялармен байланыстырады.   Ал Apple компаниясының бренд құны бір жылда 6%-ға артып, 1,4 триллион долларды құрады. Компания 2022–2025 жылдар аралығында рейтингте көш бастап тұрған. Сонымен қатар 2015 жылға дейін қатарынан жеті жыл бойы бірінші орынды иеленген еді.  

Рейтингте Anthropic компаниясы да ерекше назар аудартты. Компания алғаш рет әлемдегі үздік 100 брендтің қатарына еніп, 96,6 миллиард долларлық көрсеткішпен 27-орынға тұрақтады.   Ал OpenAI барлық компаниялар арасындағы ең жоғары өсімді көрсетті. Компанияның бренд құны бір жылда 285%-ға артқан. Kantar сарапшылары мұндай жоғары өсім соңғы рет 2008 жылы BlackBerry компаниясында тіркелгенін атап өтті.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61